Гүлнәр Каримованың адам шошырлық қылмыстары ашылды

Lenta.ru
Каримоваға мемлекет қаржысын жымқырды және аса ірі көлемде өзгенің мүлкін бопсалау жолымен тартып алды деген айып тағылып отыр.

Өзбекстанның бас прокуратурасы бірінші президенттің қызы Гүлнәр Каримоваға қатысты жаңа қылмыстық істер қозғады, деп хабарлайды Sputnik.

Өзбекстанның Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Каримоваға "мемлекет қаржысын жымқырды және республика мүддесіне қайшы келісімдер рәсімдеді" деген айып тағылып отыр.

Бұдан бөлек, аса ірі көлемде басқа біреудің мүлкін күшпен тартып алғаны үшін жауапқа тартылмақшы. Қылмыстық істер White and Case халықаралық заңгерлік компаниясынан түскен ақпарат пен азаматтардың арыз-шағымдары негізінде қозғалды.

"Каримова басқа адамдармен келісе отырып, мемлекетке тиесілі "Кувасайцемент" мен "Бекабадцемент" компанияларының акцияларын арзан бағамен сатып алған. Одан кейін сол акцияларды шетелдік бизнесмендерге сатып жіберді. Артынан оларға қолдау жасап отырды. Осылайша, ол Өзбекстанның мүддесіне аса ірі көлемде зиян келтірді", - делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, Каримова кәсіпкерлер мен азаматтарды қорқыту арқылы мүлікті өз компаниясына тапсыруға міндеттеген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі