Қыз жоқ! Полицейлер Сейфуллиндегі жезөкшелермен қалай күрескенін айтты

gazeta.a42.ru
Ол жақта енді жезөкшелер кәдімгідей азайды.

Алматы полицейлері Сейфуллин көшесін жағалайтын жезөкшелерге қарсы күресінің аралық нәтижесін қорытындылады, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркісіб аудандық полиция басқармасының дерегінше, Сейфуллин көшесінің бойындағы жезөкшелер қаптап жүрген жерлерде қазір жағдай тұрақталды. Күн сайынғы рейдтер нәтижесін беріпті.

- Қала әкімі мен Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен бұл бағыттағы жұмыстар күшейтілді. Сейфуллин көшесінде тәртіп орнату жұмыстары әлі де жалғаса бермек. Нарядтар мен жаяу патрульдер тәулік бойы, екі ауысыммен қызмет етуде, - деді Түркісіб аудандық полиция басқармасының бастығы, полковник Еркін Амантаев.

1 шілдеден бері притон ұстаған 29 адам жауапқа тартылып, көшеде жезөкшелерді "жарнамалаған" – 289 адам ұсталды.

Аудандық полиция басқармасы атап өткендей, қазір Сейулиин көшесінде бірен-саран жезөкше ғана кездесуі мүмкін. Кезекші бөлімдер күніне орта есеппен 5-6 жезөкшені бөлімшеге әкеліп отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерге барып, көмек көрсетуде