Көршің жемқор болса – айтуың керек

karsunmo.ru
Елбасының сөзінше, партия қоғамды жемқорлыққа қарсы күресуге жұмылдыра алмады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту керек, ондай қылмыстарды көріп тұрып хабарламағандарды жазалау керек, деді бүгін Nur Otan партиясының отырысы барысында Нұрсұлтан Назарбаев, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Бұл туралы көп айттық. Сайланған президент те өткенде айтты. Жұмыс істеп отырмыз, Агенттік те жұмыс істеуде, жиі-жиі басшыларды ауыстырып отырмыз. Неге? Өйткені бұл іске халықтың өзін қосқан жоқпыз. Жемқорлықты қабылдамауға. Сингапурда мынадай тәртіп бар: егер мен әріптестеріммен бір кабинетте жұмыс істеп отырып, біреуінің жемқорлық жасағалы отырғанын көрсем, және оны ешкімге хабарламасам – мені жазалайды. Өйткені айтпадым. Бізде ондай нәрсе бар ма? Тіпті психологиямызда ондай жоқ. Соған неге үйренбеске? Өзімізден бастамасақ – жемқорлықты жеңе алмаймыз, - деді Назарбаев.

Елбасы билеуші партияның қоғамды жемқорлыққа қарсы күресуге жұмылдыра алмағанын жеткізді. Сосын мысал ретінде Швейцария туралы айтып өтті.

- Ауламызда бір жаңа көлік пайда болды ма, нөмірі белгісіз. Тексеріңізші дейді. Бізде ондай адамдар ма? Кемпір отырады терезеден қарап. Белгісіз біреулер келіп, бірдеңе істеп жатса – ол хабарлайды. Иә, сондай хабар бергені үшін ақша алады. Міне, Швейцарияда жемқорлықпен күрес осылай жолға қойылған. Ал бізде осы бір жегі құртқа деген жалпыға ортақ жек көру сезімі жоқ, - деп түсіндірді Елбасы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді