Тірі адамның іздері жоқ. Жоғалған альпинистер әлі табылмады

ygpe.tj
Бөктерге максималды жақындау 70 метрді құрады.

Қазақстандық альпинистер Жеңіс шыңына 14 рет ұшып, альпинистерді таба алмады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Қорғаныс минситрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Іздеу жұмыстары 5100 - 6000 метр биіктікте жүргізілді. Бөктерге максималды жақындау 70 метрді құрады. Іздеу-құтқару операциясының жетекшісі Василий Пивцовтың сөзінше, шолу мен тепловизоров арқылы іздеу нәтиже бермеді. Тірі адамдардың да, жансыз мәйіттердің де іздері табылмады, - делінеді хабарламада.

Жаяу іздеу операциясын жүрізу мүмкін емес, өйткені қар көшкіні қауіпі жоғары. Әскерилер қазір Қарқара лагерінде орналасқан.

4 тамызда биіктігі жеті мыңдық Жеңіс шыңын бағындыруға аттаған альпинистер Александр Чечулин, Мұрат Өтепбаев және Андрей Корнеев 15 тамызда Александр Чечулиннің ауырып қалғанын хабарлап, Абалаков маршрутымен төмен түсу жөнінде шұғыл шешім қабылдаған. Қайту кезінде олар көшкінге тап болып, жабдықтарының бір бөлігінен айырылып қалады.

16 тамызда олар соңғы рет байланысқа шығып, Александр Чечулиннің көз жұмғанын айтты. Марқұмның денесі 6900 метр биіктікте қалды. Андрей мен Мұрат төменге түсуін жалғастырды. Ауа-райын ескергенде аталған бағыт бойынша олар тау етегіне кемінде төрт күннің ішінде жетуі тиіс болған.

18 тамызда Жеңіс шыңына тікұшақ ұшып, альпинистердің іздерін таба алмай қайтты.

19 тамызда ТЖМ құтқарушылары мінген тікұшақ келді.

20 тамызда альпинистер Василий Пивцов пен Мақсұт Жұмаев бастаған әскери борт іздеуге шығып, ештеңе таппады.

21 тамызда ауа-райының нашарлығынан тікұшақ көтерілмеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады