Дауыл, бұршақ, тұман - дүйсенбінің ауа-райы

pxhere.com
Оңтүстік, шығыс және орталық антициклон әсерінде болғандықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республиканың басым бөлігі циклон және соған байланысты фронтальды бөліктердің ықпалында болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Кей жерлерде найзағай, дауыл, желдің күшеюі күтіліп, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстік және шығыстың кей жерлерінде тұман, ал оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік, шығыс және орталық антициклон әсерінде болғандықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, күндіз дауыл, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл, күндіз кей жерлерде найзағай болады.

Түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында желдің 15-22 м/с күшеюі күтіледі. Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды