Түрмедегі Атамбаевпен кездесуге әйелі Раиса келді

azattyk.org
Ерлі-зайыптылардың не туралы сөйлескені белгісіз.

Қырғызстанның қазір түрмеде жатқан бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесуге түрмеге әйелі Раиса келді. Бұл туралы 24.kg басылымына адвокат Сергей Слесарев хабарлаған.

Оның сөзінше МҰҚК кездесу туралы өтінішті қанағаттандырды. Атамбаевтың өзге туыстары мен балалары әзірге мұндай өтініш жасаған жоқ.

- Процедураға сай, олар да кездесуді сұрап, өтініш бере алады. Ерлі-зайыптылардың не туралы сөйлескені, бір бірінен не сұрағаны белгісіз. Тіпті олардың кездесуі қанша уақытқа созылғанын да білмеймін. Бірақ менің қорғауымдағы Атамбаев түрмедегі жағдайына шағым білдірген жоқ, – деді Сергей Слесарев.

7 тамызда МҰҚК арнайы жасағының Алмазбек Атамбаевтың Кой-Таш ауылындағы резиденциясына басып кірмек болған екі талпынысы сәтсіз аяқталды. Тәртіпсіздіктер басталып, шамамен 45 адам адам жараланды, "Альфа" командирінің орынбасары оқ тиіп қаза тапты.

8 тамызда арнайы операция барысында Алмазбек Атамбаев өз еркімен берілді. Оны қамауда ұстау мерзімі 26 қазанға дейін созылған.

Алмазбек Атамбаевқа аса ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылуда — құқық қорғау органдарына зорлық-зомбылық көрсету, кісі өлтіру, адамды кепіл үшін тұтқынға алу, жаппай тәртіпсіздік және сыбайлас жемқорлық.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты