Тараз қаласында тоғызқұмалақтан турнир өтті

zhambylnews.kz
Айта кетейік, тоғызқұмалақ турнирінің қорытындысы бойынша І орын – Джапаров Тұрар, ІІ орын – Байшонов Мұхаметілда және ІІІ орын – Ахмет Сансызбай иеленді.

Тараз қаласында "Жамбыл облысы тоғызқұмалақ қазақ ұлттық ойын қауымдастығы" қоғамдық бірлестігі және Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қайрат Рұсқылбеков атындағы саябағында Қазақстан Республикасының Спорт күні кәсіби мерекесіне орай тоғызқұмалақтан ардагерлер арасында қалалық ашық турнирі өткізілді, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы 17 тамыз күні Қазақстан Республикасының Спорт күні кәсіби мерекесі аясында Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябағында 420-дан астам адам қамтылған жасөспірімдер арасында алаңдағы тоғызқұмалақ, дартс, 2011-2012 жылдары туылған жасөспірімдер арасында кіші-футбол, жастар арасында стритбол, гір тасын көтеру, арқан тарту және орнынан ұзындыққа секіру спорт түрлерінен бұқаралық-спорттық іс-шаралар өтті.

Айта кетейік, тоғызқұмалақ турнирінің қорытындысы бойынша І орын – Джапаров Тұрар, ІІ орын – Байшонов Мұхаметілда және ІІІ орын – Ахмет Сансызбай иеленді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда полиция 170 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді: себебі мен нәтижесі белгілі болды

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

Ақмола облысында көлік жылқы үйірімен соқтығысты

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды