Кімге, қанша? Сапарбаев зейнетақы ақшасын халыққа қайтару туралы

Сапарбаев алдымен есеп-қисап жасалатынын, сосын бір нақты ұсыныстар болатынын ғана айтты.

Зейнетақы жинағындағы ақшаны шешіп алып, қазір пайдалану мүмкіндігі әрбір қазақстандықтың зейнетақы шотындағы жалпы сомасына байланысты болады, деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Зейнетақы жинағын зейнетақы жасына жетпей жатып пайдалану мүмкіндігіне келсек, иә, Президенттің тапсырмасы бар, қазір Үкімет барлық мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мәселені қарастырып, ұсыныстар енгіземіз. Қарау керек, бірақ мұндай мүмкіндік есеп-шоттағы жинақтың сомасымен байланысты болуы керек. Қайткенде де алдымен тиісті есеп-қисаптар жасалып, содан кейін нақты ұсыныстар болады, деді ол.

2 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында Үкімет пен Ұлттық банкке халыққа зейнетақы жинағын зейнет жасына жетпей жатып-ақ пайдалану мүмкіндігін беру арқылы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізуді тапсырған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: