Қазақстанның ең жас парақоры Қызылордада сотталды

zakon.kz
Абылайхан Сабанбаев 100 мың теңге парамен ұсталды.

100 мың теңге пара алу кезінде ұсталған Қызылорда Жастар ресурстық орталығының басшысына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облыстық департаменті бастығы Ардақ Ерсейітов 26 жастағы ЖРО басшысы Абылайхан Сабанбаевтың ұсталуы туралы айтты. Жарты жыл бұрын осы қызметке тағайындалған Сабанбаев биыл тамыз айында жұмыстан шығармауы және оң қабақ танытып жүретіні үшін қол астындағы қызметкерден пара талап еткен. Бірақ әлгі қызметкер пара бергісі келмей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасына арыз жазды.

Бірнеше күннен кейін 100 мың теңге көлемінде пара алу үстінде Сабанбаев ұсталды. Қыркүйек айының басында сот Сабанбаевқа 2 миллион теңге айыппұл салды. Сонымен қатар, оның мемлекеттік қызмет атқаруына өмір бойына тыйым салынады.

ЖРО - Қызылорда облысының жастар саясаты басқармасына қарайды. Бұл басқармада жемқорлық қылмысы тұңғыш рет болып отыр.

Департаменттің мәліметінше, 2019 жылдың 8 айында Арал өңірінде 93 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталған.

"Оның ішінде 48 парақорлық дерегі, жүйелі түрдегі сыбайлас жемқорлық бойынша 6 дерек, ШОБ қызметіне заңсыз араласуға қатысты 8 дерек, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысты 17 дерек ашылған. Аяқталған қылмыстық істер бойынша 534,2 миллион теңге көлемінде шығын өтелді", - дейді Ардақ Ерсейітов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді