Шамалған апаты бойынша екі қылмыстық іс қозғалды

ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Қазір автобус сараптамаға жіберілді, ал тепловоз Алматы-1 станциясында тұр.

Шамалған станциясында жолаушылар пойызы мен автобустың қатысуымен болған апаттан кейін екі қылмыстық іс ашылды, деп хабарлады ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Автобустың қоршау сыртына қалайша шығып кеткенін тергеу барысында анықтап жатырмыз. Қазір оқиға орны тексерілуде, автобус сараптамаға тапсырылды, тепловоз Алматы-1 станциясында тұр. 344 бап (теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігін пайдалану кезінде қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу) және 345 баптары (көлік құралдарын басқаратын тұлғалардың көлік құралдарын пайдалану кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, бүгінде көліктегі полиция басқармасымен, облыстық полиция басқармасымен, сондай-ақ Ішкі істер министрлігімен бірлесіп тергеу-жедел тобы құрылып, апаттың барлық себептері анықталуда.

Жол апаты 15 қыркүйекте сағат 19:20-да болған. Алматы-Қостанай жолаушылар пойызы 2449 шақырымда (Шамалған станциясы) автобуспен соқтығысқан.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұловтың айтуынша, автобус жүргізушісі сигналдарға қарамастан теміржолға шығып кеткен.

Шамалған станциясында болған апат салдарынан 3 адам зардап шекті, 1 адам қайтыс болды. 2014 және 2016 жылы туған балалар мен 33 жастағы әйел Қарасай аудандық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы ауыр. Қазір олар жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі