"Астана" Манчестерге келді. Еуропа лигасының матчын ойнамақ

"Астана" ФК
Ойын 19 қыркүйекте өтеді.

"Астана" футболшылары мен бапкерлер штабы "Манчестер Юнайтедке" қарсы Еуропа лигасының топтық кезеңі аясындағы алғашқы ойынын өткізу үшін Манчестерге келіп жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу қыркүйектің 19-ынан 20-сына қараған түні "Олд-Траффорд" стадионында өтеді. Басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 01:00-де.

Манчестерге "Астана" мынадай құраммен аттанды:

қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов;

қорғаушылар: Антонио Рукавина, Абзал Бейсебеков, Лука Шимунович, Евгений Постников, Жарко Томашевич, Дмитрий Шомко;

жартылай қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Рунар Мар Сигурьонссон, Иван Маевский, Юрий Перцух, Серікжан Мужиков, Марин Томасов, Дорин Ротариу, Дидар Жалмұқан;
шабуылшылар: Сергей Хижниченко, Рангело Янга, Роман Мұртазаев және Фирмин Мубеле.

"Астана" түскен L тобында "Манчестер Юнайтедпен" бірге Голандияның АЗ клубы және Сербияның "Партизаны" бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі