Андрей Шевченко "Миланның" бас бапкері болып тағайындалуы мүмкін

Getty Images
Джампаоло қызметінен қуылған жағдайда орнына Шевченко келуі мүмкін – БАҚ

Украина құрамасының бас бапкері Андрей Шевченко "Миланның" бас бапкері Марко Джампаолоның орнына келуі мүмкін.

TMW басылымының ақпаратынша, қатарынан үшінші рет жеңілгеннен кейін клуб басшылығы жаңа бапкер іздестіруде.

Италияның А сериясында өткен алтыншы турда "Милан" "Фиорентинадан" ұтылды, егер "Дженоаға" қарсы келесі матчта жеңе алмаса, Джампаоло отставкаға кетеді.

Дереккөздің ақпаратынша, бас бапкердің орнына негізгі кандидат ретінде 43 жастағы Андрей Шевченко қарастырылуда.

"Милан" қатарынан үш рет "Интерден" (0:2), "Торинодан" (1:2) және "Фиорентинадан" (1:3) ұтылып қалған болатын. Клуб алты турдан кейін алты ұпаймен чемпионатта 16-шы орында келеді.

Ал Андрей Шевченко футболшы ретінде "Милан" сапында 1999 жылдан бастап 2006-шы жылға дейін ойнаған, сосын 2008/09 маусымында арендаға алынып, тағы бір маусым ойнап кеткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды