Қырғызстанда зейнетақы өсті

today.kg
Қырғызстандық зейнеткерлерге биылғы 1 қазаннан бастап зейнетақы жаңа мөлшерде төлене бастайды.

Қырғызстан премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев зейнетақыны өсіру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Үкімет аппаратының хабарлауынша, зейнетақы мен сақтандыру жарнасының көлеміне қарай зейнетақының сақтандыру бөлігі 7 пайыздан 18 пайызға дейін және одан да көп мөлшерге ұлғайтылмақ. Зейнетақының сақтандыру бөлігі орташа есеппен 10,4 пайызға көбейеді.

Қайта есептеу қорытындысы бойынша, орташа зейнетақы 5820 сом (шамамен 83 доллар) болады. 667,3 мың зейнеткердің зейнетақысын индекстеу үшін қосымша 659,2 миллион сом, оның ішінде республикалық бюджет қаржысынан базалық зейнетақыны өсіруге – 67,3 миллион сом, ал Зейнетақы қоры есебінен зейнетақының сақтандыру бөлігін көбейтуге – 592 миллион сом бөлінеді.

Қырғызстандық зейнеткерлерге биылғы 1 қазаннан бастап зейнетақы жаңа мөлшерде төлене бастайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Ғимараттардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру ережелері жаңартылды

Тоқаев бірден төрт заңға қол қойды