Рубльдің күрт құнсыздануы теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамын тағы өсіріп жүрмей ме, әлде ұлттық валюта Ресей рубліне қатысты нығая ма? Бұл сауал төңірегінде Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығы директорының орынбасары Олжас Төлеуов телеграмдағы арнасында жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол осыдан бір-екі апта бұрын геосаяси факторлар Brent маркалы мұнай бағасын барреліне 65 доллардан жоғары деңгейде ұстап тұрғанын және бұл мұнай нарығындағы жаңа тепе-теңдік деңгейі болып көрінгенін атап өтті. Бірақ, жағдай одан да қиын болып шықты, бүгін Brent-тің баррелі 59 доллардан төмендеп кетті.
- Бұл көрсеткіш зерттеу институты сұрастырған АҚШ-тың 400 өнеркәсіптік кәсіпорындарының іскерлік сенімін көрсетеді. Ал олар 50-ден төмен бағаға әзір. Бұл тағы бір қосымша жаһандық құлдыраудың белгісін байқатады. Біз үшін, бұл арада ең өкініштісі, осы жағдайларға байланысты АҚШ долларына шаққандағы рубль бағамының 7 аптадағы ең жоғары деңгейге жетіп, 65,44-ке жетуі, - дейді Олжас Төлеуов.
Рубльдің қазіргі жағдайы, экономистің пікіріше, теңгенің алдына екі таңдау қояды: АҚШ долларының ресми ақша айырбас бағасын 388,5-тен 390,5-ке дейін көтеру немесе Ресей рубліне қатысты ағымдағы бағаммен, яғни 6.00 емес 5.99 бастап 5.95 дейін рубль бағамын нығайту. Әрине, мұны Ұлттық банк шешеді. Дегенмен автор Ұлттық банк бұл арада соңғысын таңдауы мүмкін деп болжайды.
- Неге? Себебі, біріншіден, теңгенің айырбастау бағамы фундаменталды деңгеймен салыстырғанда 6-9% деңгейінде әлі де дұрыс бағаланбаған. Егер долларды күшейтсек, онда осы процесс өршіп, жағдай қиындайды. Екіншіден, теңгенің айырбас бағамының саяси факторы барын жадымыздан шығармауымыз керек. Демек, қазіргі жағдайда Ұлттық банк Ақорданың қас-қабағанына қарамай әрекет ете алмайды. Ал долларды 390-нан 400-ге қарай жібере салса, ел шулап кетпей ме? Сондықтан бұлай жасалмайды. Доллар 390-ның маңайында тұрақтап, рубль 5,90-5,95 деңгейіне төмендеуі мүмкін, - деп болжайды Төлеуов.