ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсов елімізде атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтардың санын көріп, таң қалғанын жасырмады. Ол өзі министр болып тұрғанда бұл көрсеткіш 4 есеге төмен болғанын мысалға келтіріп, ал бүгінгі көрсеткіштің жұмыспен қамту бойынша осы күнге дейінгі барлық мемлекеттік бағдарламалардың түк жұмыс істемегінінің дәлелі бола алады деп ашынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Бюджетке қатысты, бұл арада назар салатын мына жалғыз нәрсе бар: Аида Аденқызы (ҚР Экономика министрлігінің жауапты хатшысы), сізден сұрайын дегенім, тіпті жауабыңыздың керегі де жоқ маған. Өзім-ақ барлық ақшаны санап аламын. Мынау деген бұрын-соңды болмаған жағдай бізде. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бергі бүкіл тарихында атаулы әлеуметтік көмек алатын мұнша адам болған емес. Мұның бәрі қайдан шықты? 1 миллион 800, бұл дегеніңіз 2 миллионға жуық адам. Бізде жұмысқа жарамды адамның өзі 8 миллион. Бұл салық төлеушілердің ақшасы ғой, - деді Қарағұсова 2019 жылға арналған республикалық бюджетке енгізілген түзетулер мен өзгерістер туралы заң жобасының Мәжілістегі талқысы кезінде.
Ол 2007 жылы атаулы әлеуметтік көмек алған азаматтар саны бірнеше есе аз болғанын баса атап өтті.
- 2007 жылы, біз кеткен кезде, мен министр болып кеттім емес пе, сол кезде бұл цифр бірнеше есе төмен болатын. Онда да ол кезде жағдай өте нашар болды, жұмыс орны аз, ақша да болмады, бірақ біз сол кезде бұл көрсеткішті 1,5 миллионнан 500 мыңға дейін төмендеткенбіз. Одан бері не болды, жұмыспен қамтуд бойынша үлкен бағдарламалар жұмыс істеді емес пе? Біз "Атамекенге" оқуға, қайта даярлауға және микрокредиттеу үшін азаматтарды жолдап отырдық.
Үдемелі индустриалдық-иноовациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудың ІІ-кезеңі кезінде 1200 кәсіпорын ашылды. Одан бері жалақыны да көтеріп келеміз. Не болды? Соның нәтижесі қайда? Мұның бәріне кім жауап береді? Сондықтан, маған - жұмыс тобының алдына есептеріңізді өткізіңіздер: біріншіден, "Жұмыспен қамту" деп аталатын бағдарламаларға қанша қаражат жұмсалды, оның тиімділігі туралы біз бірнеше рет мәселе көтердік; екіншіден, осы кезеңге дейін қанша бағытта шағын несиелер бөлінді. Талдауды өзіміз-ақ жасап аламыз, - деп түсіндірді депутат.
Бюджетті нақтылау бойынша жұмыс тобының жұмысы бүгін өтеді.