"Талап тастаған". Қазақстандық дипломаттың қызына қатысты тың дерек шықты

euroradio.fm
Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі қызметкерінің 4 жасар қызын питбуль тұқымды ит талаған. Оған дәрігерлер ота жасады.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Нью-Йорктегі қазақстандық дипломаттың қызының итке талануына қатысты мәліметке түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 2 қазанда жергілікті уақыт бойынша таңғы 8-де Нью-Йорктің Ривердейл ауданында орын алған. Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі қызметкерінің 4 жасар қызын питбуль тұқымды ит талаған.

- Ит қыз баланың бет-аузын, мойнын тістеп, қатты жаралаған. Ол Бронкс ауданындағы "Jacobi Hospital" ауруханасына түсті. Бос ит күтпеген жерден пайда болып, балабақшаға бару үшін үйден шығып, көлігіне қызын жетектеп бара жатқан әйелге қарай тап берген. Ит келе салып, қыз балаға ауыз салған. Жақын маңда болған ер адам итті әйел мен баладан әрең ажыратып алған. Оқиға орнына жедел жәрдем көлігі тез жетіп, қызды ауруханаға жеткізді. Баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрігерлер қыз балаға ота жасады, деп хабарлады министрліктегілер.

Қазір баланың жағдайы тұрақты, ол бірнеше күн ауруханада болады.

Полиция бұл оқыс оқиғаға қатысты тергеу ісін қолға алды.

- Қыздың отбасы ит қожайынын сотқа бермек. Нью-Йорктегі Қазақстанның Бас консулдығы да оларға қажетті көмек көрсетуге дайын, деп атап өтті құзырлы мекемедегілер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді