Даңққұмар футболшы Златан Ибрагимович өзіне ескерткіш орнатты

24.kz
Спортшы өзінің қоладан жасалған статуясын футболдағы карьерасын бастаған жерге орнатты.

Швециялық шабуылшы Златан Ибрагимович өзінің туған қаласы Мальмеде өзіне арналған ескерткішті ашты. 38 жастағы спортшы өзінің қоладан жасалған биіктігі 2,7 метрлік статуясын футболдағы карьерасын бастаған жерге орнатты.

–Нью-Йоркте Азаттық мүсіні бар, Мальмеде – Златан мүсіні тұр, – деді Ибрагимовичтің өзі монументтің ашылуында.

Футболшы атап өткендей, бұл оқиғаны ол өзіне деген зор құрмет деп бағалайды. Ол өзінің тағдыры оңай болмағанын, өмірдегі бар жетістігіне тынбайтын еңбекқорлығы пен өзіне деген сенімділігі жеткізгенін атап өтті.

Шыны керек, Ибрагимович қазір 38 жаста болса да, аса жоғары деңгейдегі шабуылшы екенін көрсетіп жүр. Осы маусымда MLS-тегі 29 ойынында швед аңызы 30 гол соғып, лиганың екінші мергені атанды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

We are Zweden!!!

Публикация от Zlatan Ibrahimović (@iamzlatanibrahimovic)

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев