Кремльдің "троллдар фабрикасы" АҚШ сайлауына араласқаны расталды

Saul Loeb / AFP
Кремль қолдаған "троллдар фабрикасы" президенттікке үміткер Дональд Трамптың танымалдылығын арттырып, оның қарсыласы болған Хиллари Клинтонды жаманатты ету мақсатында қызмет етті деп есептейді.

АҚШ сенатының барлау жөніндегі комитеті Ресейдің Америкадағы қоғамдық пікірге әсер ету үшін әлеуметтік желілерді қолданғаны туралы баяндамасын жариялады.

Баяндама авторы Кремль қолдаған "троллдар фабрикасы" президенттікке үміткер Дональд Трамптың танымалдылығын арттырып, оның қарсыласы болған Хиллари Клинтонды жаманатты ету мақсатында қызмет етті деп есептейді.

8 қазанда жарияланған баяндамада Ресейдің "Интернет зерттеулер агенттігінің" жұмысы бүгінгі күнге дейін жалғасып жатқан ақпараттық соғыстың бір бөлігі болып отыр, деп хабарлайды centralasian.org.

Онда жұмыс істегендер Құрама Штаттардың саяси және қоғамдық ортасында жанжал туғызып отырған.

Бас кеңсесі Санкт-Петербург қаласында жайғасқан және "троллдар фабрикасы" деген атаумен белгілі "Интернет зерттеулер агенттігіне" Кремльге жақын кәсіпкер Евгений Пригожин иелік етеді. Бұл агенттік жөнінде Ресейдің АҚШ-тағы президенттік сайлауға қатысы болуы мүмкіндігін зерттеген арнайы прокурор Роберт Мюллердің баяндамасында бірнеше рет көтерілген.

Вашингтон АҚШ-қа қарсы бағытталған әрекеттері үшін "троллдар фабрикасына" қатысы бар бірнеше заңдық және жеке тұлғаларды, оның ішінде Пригожинге қарсы санкциялар енгізген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді