Алматыда ақылы автотұрақтар тағы да көбейе түспек

kolesa.kz
Ақылы тұрақтар желісін ұйымдастыру және кеңейту туралы қоғамдық тыңдау өтеді.

Алматының қоғамдық кеңесі 2019 жылдың 24 қазанында қоғамдық тыңдау өткізетінін жариялады.

Күн тәртібінде қала үшін екі маңызды да үлкен мәселе тұр: Алматыда ақылы тұрақтар желісін ұйымдастыру мен кеңейту және велосипед инфрақұрылымын дамыту.

Ұйымдастырушылардың осы екі тақырыпты біріктіріп отырғаны түсініксіз, деп жазады kolesa.kz.

Біріншіден, екі тақырып та тым ауқымды және жеке-жеке талқылауды қажет етеді, екіншіден, мұндай қадам велосипедшілер мен автокөлік жүргізушілерін бір-біріне қарсы қойып, конструктивті диалогты кәдімгі былапыт дауға айналдыруы мүмкін.

Қоғамдық тыңдау 2019 жылдың 24 қазанында "Тұран" университетінің мәжіліс залында өтеді. Мекен-жайы: Сәтпаев көшесі, 16. Басталуы 16:00-ге жоспарланған.

Отырысқа кез-келген адам қатыса алады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев