Есімов пен Шөкеев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Баспасөз қызметі
Меморандумға Түркістан облысын газдандыру, энергетика кешені мен электрондық сауда мен пошта желісін дамыту, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, Smart City дамыту және облыста әлеуметтік нысандарды салу сияқты 9 бағыт кіреді.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Меморандумға Түркістан облысын газдандыру, энергетика кешені мен электрондық сауда мен пошта желісін дамыту, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, Smart City дамыту және облыста әлеуметтік нысандарды салу сияқты 9 бағыт кіреді.

"Smart City Арыс және Түркістан қалаларын сервистік үлгі бойынша дамытуға арналған. Осы бағдарлама аясында Қор Түркістан облысындағы 97 мектеп пен ауруханаға дейін талшықты-оптиалық байланыс желісін және радиожелілерді салуды және Арыс қаласындағы 12 мектепте, 2 ауруханада, 2 балабақшада 400 бейнебақылау камераларын және 50 WiFi нүктесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді", - делінген "Самұрық Қазына" ҰӘҚ Қоғаммен байланыс департаментінің баспасөз хабарламасында.

Бұдан бөлек қуаты 220кВ жаңа қосалқы станцияның құрылысы күтіледі, оған кернеуі 110 кВ жергілікті тарату электр желісі қосылмақ. Сонымен қатар Түркістан қаласындағы амфитеатр, оқушылар сарайы, 7000 орындық стадион, Қожа Ахмет Яссауи атындағы мұражай, конгресс холл, Smart City жобасы сияқты әлеуметтік нысандарды салуға және байланыс желілерін жүргізуге 33,6 млрд.теңге бөлінген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін