Бүгін Жамбыл облысының әкімдігінде еңбек инспекциясы басқармасының есебі тыңдалды. Басқарма басшысы Балабек Нарбаев облыс әкімі Асқар Мырзахметовке еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді айтты.
Оның айтуынша ағымдағы жыл басынан бері ұзақ мерзім бойы шешімін таппай келген өңірлдегі 19 кәсіпорындағы 4713 жұмыскер алдындағы 730,1 миллион теңге жалақы қарыздары толығымен өндіріліп берілген. Оның ішінде 160,5 миллион теңге ағымдағы, 233,9 миллион теңге мерзімі өткен, 335,7 миллион теңге оңалту рәсімі қолданылған және банкротқа ұшарыған кәсіпорындардың қарыздары.
Бүгінде облыстың 8192 кәсіпорыны 74,5 мың жұмыскердің жалақысын орта есеппен 38,9 мыңнан 50,1 мың теңгеге немесе 28,8 пайызға көтерді. Бұл облыста жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың 92,8 пайызын құрайды. Осы орайда жұмыс берушілермен жалақы төлеу жүйесін реттейтін 4052 акті қабылданыпты. Сондай-ақ, 42,5 мың теңгеден төмен жалақы алатын 24015 жұмыскердің еңбек ақысын көтеруді 3837 кәсіпорын қолдап отыр.
Сонымен қатар, басқарма басшысы ағымдағы жылдың 9 айында басқармаға жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдарға сәйкес 1602 жұмыскердің құқықтары қорғалып, жалақы бойынша берешектерІ, іссапар шығындары, үстеме ақы, өтемақы, қоса атқарған қызметіне қосымша ақылары өндіріліп берілген. Ағымдағы жылдың 9 айында басқармаға жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдарға сәйкес (9 айда 780 арыз тіркелген) 1602 жұмыскердің құқықтары қорғалып, 135,2 млн теңге көлеміндегі жалақы бойынша беректер, 262 мың теңге көлеміндегі іссапар шығындары, 866 мың теңге көлеміндегі үстеме ақы, өтемақы, қоса атқарған қызметіне қосымша ақылары өндіріліп берілді. Мемлекеттік еңбек инспекторларымен жеке және заңды тұлғаларға еңбек заңнамасы бойынша 1945 адамға еңбек қатынастары бойынша түсіндірмелер, 945 лекциялар оқылып, методикалық көмектер көрсетіліп, 23 прокурорлық және басқа да құқық қорғау органдарының тексерістерге тартылды. Еңбек инспекторларымен 143 тексеру ашылып, 180 еңбек заңнамасының бұзылу фактілері анықталған.
Облыс әкімі Асқар Мырзахметов бұл бағыттағы "ыстық нүктелердің" базасын қалыптастырып, жауапты тұлғаларға оны шешу жолдарын жүйелеуді тапсырды.