Өзбекстан халқының саны 33,7 миллионнан асты

ozodlik.org (RFE/RL)
Өзбекстан Орталық Азия аймағында халық саны жағынан бірінші орында тұр. 1991 жылы халық саны 20 миллионнан асқан.

Өзбекстан халқының саны 1 қазанға дейінгі есеп бойынша 33 миллион 724 мың адамға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz Азаттыққа сілтеме жасап.

Қалада - 17 миллион 34 мың адам (50,5 пайыз), ауылдық жерлерде 16,6 миллион (49,5 пайыз) адам тұрып жатыр.

Бұл деректі Өзбекстанның мемлекеттік статистика комитеті хабарлады.

Халық көп шоғырланған аймақтарға Самарқанд облысы (жалпы халық санының 11,4 пайызы тұрады), Ферғана облысы (11,1 пайыз), Қашқадария (9,7 пайыз) және Әндіжан облысы (9,2 пайыз) жатады.

"2019 жылдың 1 қазанына дейінгі есеп бойынша, тұрғындардың 30,5 пайызы еңбек ететін жасқа жетпеген, 59,1 пайызы еңбек ететін жаста және 10,4 пайызы еңбек ететін жастан өтіп кеткен" делінген комитет есебінде.

Өзбекстан Орталық Азия аймағында халық саны жағынан бірінші орында тұр. 1991 жылы халық саны 20 миллионнан асқан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанды!

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті