Мексикада жемқор Президентті соттайтын заң қабылданды

ht.kz
Республика президентін қылмыстық қудалауды бастау үшін Сенат қолданыстағы қылмыстық заңды негізге алып отырып, өз айыптауын жариялайды.

Мексиканың депутаттар палатасы қазіргі президентті тек мемлекетке опасыздық жасағаны үшін ғана емес, сонымен бірге сыбайлас жемқорлық және сайлау қылмыстары үшін соттауға мүмкіндік беретін конституцияға өзгерістер мен түзетулер енгізген заң жобасын мақұлдады, деп хабарлады РИА Новости.

- 420 дауыс қолдап, 29-ы қарсы шығып, бесеуі қалыс қалған. Сыбайлас жемқорлық, сайлаудағы қылмыстары және конституцияның 19-бабында көрсетілген айып бойынша Президент үстінен сот ісін жүргізуге мүмкіндік беретін конституциялық реформа жобасы қабылданды және ол қабылдау үшін Мексика Сенатына қайтарылды (өзгертулермен), деп хабарлады Мексика депутаттары палатасының Twitter-дегі парақшасында.

Депутаттардың пікірінше, республика президентін қылмыстық қудалауды бастау үшін Сенат қолданыстағы қылмыстық заңды негізге алып отырып, өз айыптауын жариялайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді