Депутаттар бұзыла беретін "Күнделіктің" қызметін тоқтатуды талап етті

zakon.kz Сурет: zakon.kz
Рүстем Биғари техникалық мүмкіндіктері жоқ мектептер электронды "Күнделікті" пайдаланбайды деп сендірді.

Депутаттар мектептің электронды күнделіктері жұмысында үнемі ақау болатындықтан оның қызметін тоқтатуды талап етті. Кейбір білім ордаларында Интернеттің жылдамдығы төмен, сонымен қатар, бұл бағдарлама қайта-қайта шатасып, техникалық қателіктер де жиі орын алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Кеңес Әбсатиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Білім және ғылым министрлігі мұғалімдерден "Күнделік" электронды журналын уақтылы толтыруды талап етеді, алайда сайттағы техникалық ақаулар оған әрдайым мүмкіндік бере бермейді. Министрлік "Күнделікке" бір сәтте лап етіп кіргенде, оның "қатып" қалатынын ескермеген.

700-ге жуық мектеп секундына 4 немесе одан аз мегабит жылдамдығымен тек бір нүкте арқылы бүкіләлемдік Интернет желісіне қосыла алады. Депутаттардың айтуынша, Қазақстандағы 93 мектеп Интернетке қол жетімді емес. Олар негізінен ауылдық жерлер.

Баға қою үшін мұғалімдер аудан орталықтарына сабылады немесе қаладағы туыстарынан көмек сұрайды. Кейбір оқу орындары тарифі төмен болғандықтан да Интернет жылдамдығы баяу қызметті таңдайды, бұл да өзекті мәселе.

Мәжілісте бұл сын мен талаптарға ҚР Білім және ғылым вице-министрі жауап берді. Рүстем Биғари техникалық мүмкіндіктері жоқ мектептер электронды "Күнделікті" пайдаланбайды деп сендірді.

Бұл электронды жүйе үш жыл бұрын енгізілгенін баса айта кетейік. Оның көмегімен ата-аналар мен балалар бағаларды, үй тапсырмасын және сабақ кестесін үйде отырып, көре алады.

Рүстем Биғари, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

- Мынандай шаралар қабылдаймыз: біріншіден, техникалық қабілеті төмен, яғни жылдамдығы төмен қызметке қосылса, сол секілді мектептің Интернетке қосылу нүктесі жеткіліксіз болса, онда бұл мәселені БҒМ шешетін болады. Екіншіден, егер техникалық мүмкіндігі мүлде болмаса, бұл мектептерге электронды жүйені пайдалануға тыйым салынады. Бірақ жинақталған электронды деректерді сақтайтын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Ассамблеяның басты міндеттерін атады

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың өтетін күні белгілі болды

Тоқаев: Араздыққа алып келетін барлық арандатушылықтың жолын кесу қажет

Қостанайда ер адам көліктің ішінде өртеніп кетті

Қытай айда АЭС салуды жоспарлап отыр