Ахметжан Есімов пен Бақытжан Сағынтаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қор басшысы импорт алмастыруды және жергілікті қамтуды дамыту мақсатында Қор Алматы қаласында жаңа өндірістер құру бойынша жобаларды іріктеуді жүзгізетінін атап өтті.

Алматыда "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен оңтүстік астананың әкімі Бақытжан Сағынбаев қаланың дамыту мәселелері бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды Zakon.kz Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаментіне сілтеме жасап..

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ мен оңтүстік астана Әкімдігі энергетикалық, ақпараттық-коммуникациялық, әлеуметтік салалардағы жобаларды іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандум энергетика кешенін, электрондық сауда мен пошта желісін, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды, импорт алмастыруды және жергілікті қамтуды дамыту, сондай-ақ Алматы кәсіпкерлеріне Қор тобының сатып алуларына қатысу сияқты бағыттарды қамтиды.

Қор басшысы импорт алмастыруды және жергілікті қамтуды дамыту мақсатында Қор Алматы қаласында жаңа өндірістер құру бойынша жобаларды іріктеуді жүзгізетінін атап өтті.

- Біз Қазақстанда өндірілмейтін тауарларға зерттеу жүргіземіз және егер инвестор өндірісті іске қосса, біз сатып алуды қамтамасыз етеміз. Қор осындай жобаларды қолдауды оффтейк келісім-шарттарға қол қою арқылы жүзеге асырды, яғни бұл алдын ала төлем жасау арқылы ұзақ мерзімді тапсырыстар механизмі арқылы жүргізіледі,- деді Қордың Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

Алматыда ұялы байланыс қызметінің сапасын жақсарту шеңберінде Қор 2019-2020 жылдары 2G/3G стандартының 37 базалық станциясын, 4G стандщартының 26 базалық станциясын және 2021 жылға қарай 5G стандартының пилотын іске қосуды қамтамасыз етуге ниетті.

- Меморандум қаланың бизнес-қоғамдастығының қор компанияларымен ынтымақтастығын нығайту бойынша нақты шараларды қамтиды. Біздің кәсіпкерлер "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ қажеттіліктері үшін жоғары сапалы өнім жеткізуге дайын. Әрине, байланыстардың нығаюы Алматы экономикасының дамуына және алматылықтардың өмір сүру сапасын арттыруға үлкен қолдау көрсетеді,- деп атап өтті Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Құжат сондай-ақ жылумен және электрмен қамтамасыз ету жүйелерін перспективалы дамытудың бірыңғай техникалық саясатын анықтауды, ШОБ-ты дамытуға және дарынды жастарды жұмыспен қамтуға және қолдауға жәрдемдесуді, ұтқыр байланыс қызметтерінің сапасын жақсартуды және интернет желісіне сапасы жоғары жылдамдыққа қолжетімділікті қамтамасыз етуді көздейді.

Сонымен қатар, тараптар табиғи газды моторлы отын ретінде пайдалануды кеңейтуде, әлеуметтік сала мәселелерін шешуде, Алматы қаласын "Ақылды қала" ретінде дамыту жөніндегі шараларды қолдануда, сондай-ақ ТКШ автоматтандыруда және қала қауіпсіздігінің мониторингін қамтамасыз етуде ынтымақтасатын болады.

Меморандумға сәйкес әлеуметтік сала мәселелерін шешуде әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, аутизмді дәрі-дәрмексіз түзету, балаларды отбасына орналастыруға заңды түрде қолдау көрсету, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, түзеті мектептері мен балабақшаларын, паллиативтік көмек ауруханаларын, туберкулезге қарсы диспансерлерді материалдық-техникалық жарақтандыру бағыттары бойынша мәселелері шешілетін болады.

Анықтама:

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы – дара акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған және ол коммерциялық құрылым – инвестициялық холдинг саналады. Оның миссиясы - Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын көтеру және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсету. "Самұрық-Қазына" өз миссиясын қоржындық компаниялардың ұзақмерзімдік құны мен тұрақты дамуын арттыру үшін оларды тиімді басқару арқылы, сондай-ақ ұлттық экономиканың басым секторларының дамуына каталитикалық инвестиция салу арқылы жүзеге асырады. Қор активі шамамен $68 млрдты құрайды. "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсіптерінің, тау-кен кешендерінің, энергетика, машина құрастыру және жылжымайтын мүлік салаларының кәсіпорындары кіреді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: