Алматыда Мөңке би көшесі пайда болды

Алматы ТВ
Қазір көше үш жарым шақырым болса, алдағы уақытта 15 шақырымға созылады.

Алатау ауданында орналасқан бұл көше Жұмағали Сайын, Бауыржан Момышұлы даңғылын көшелерін қиып өтіп, Фариза Оңғарсынова көшесіне барып тіреледі екен. Алты жолақты құрайтын кең көшенің ұзындығы әзірге алты шақырымнан асады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Болашақта оны ұзарту жопарда бар.

ХVII-XVIII ғасырларда қазіргі Ақтөбе облысы аумағында өмір сүрген ұлы ойшылды қазақтың Нострадамусы деп атайды. Ол туралы Әбіш Кекілбаев, Нұржан Наушабаев, Нұрпейіс Байғанин өз шығармаларында жазған. Шара шеңберінде сондай-ақ, белгілі би, жырау, дала данышпанының өмірі мен еңбектері жайлы жинақтың тұсауы кесілді.

"Қазір көше үш жарым шақырым болса, алдағы уақытта 15 шақырымға созылады. Екі жақ бетінде мына картада белгіленген. Ол бойынша көшенің бір жақ басы солтүстік айналма жолына барады. Екінші басы Батыс айналма жолына тіреледі. Сондықтан бұл көшенің маңайында әлі небір ғимараттар салынады", – деді құрылыс инженері Бақытжан ҚОСАНОВ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады