Мәселені парамен шешетін медициналық колледж директоры сотталды

zakon.kz
Ол өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғысы келмеген.

Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің директоры сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі" ШЖҚ КМК директоры М.Б.Ахметоваға қатысты пара берді деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол СҚО ТЖД қызметкеріне анықталған өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін бұзғанына әкімшілік жауапкершілікке тартпауы үшін колледж фармацевті М.Т.Әбдікәрімованың делдал болуы арқылы 50 мың теңге сомасында пара берді деген күдікке ілінді.

Ағымдағы жылдың 1 қарашасында Петропавл қалалық сотының үкімімен Ахметова М.Б. пара бергені, ал Әбдікәрімова М.Т. пара беруде делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сотталғандарға 500 мың теңге және 250 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі