Түркістан облысы жастар арасындағы қылмысқа жол бермейді

ТО ПД Баспасөз қызметі
Полицейлер ата-аналарға мүмкіндігінше балаларына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, күнделікті түнгі уақытта жүрмеуін қадағалап тұруды ескертті.

Бүгінгі таңда балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу және болдырмау тәртіп сақшыларының басты міндеттерінің біріне айналған. Кәмелетке толмаған жас­өспірімдерге түнгі уақытта компьютерлік клубтарда отыруға және көшеде ата-анасыз жүрудің қауіптілігі қаншалықты ескертіліп жатса да, ережелерді сақтай бермейтіндер саны азаяр емес.

Осы мақсаттағы жұмыстар Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан басты назарға алынып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, таяу арада өткен "Жасөспірім" жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде Сарыағаш ауданы аумағында заң бұзушылықтарға барған бірқатар жасөспірімдер, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау жайтын алдын-алу, жолын кесу, сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта болу жайттары анықталды.

Заңға қайшы әрекеттерді жасап, тәртіпке бағынбаған жасөспірімдер полиция бөлімшесіне жеткізілгеннен соң, ата-аналарының және психолог мамандардың қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Профилактикалық іс-шара аясында жергілікті полиция қызметінің тәжірибелі полицейлері мұндай түнгі уақыттағы рейдтік жұмыстар күн тәртібінен түспейтіндігін, сондықтан ата-аналарға мүмкіндігінше балаларына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, күнделікті түнгі уақытта жүрмеуін қадағалап тұруды ескертті.

Оған қоса полицейлер жасөспірімдерге заңды бұзған тұлғаға қатысты жазалардың, темір торға тоғытылған қылмыскердің өмірі, зардабы туралы түсіндіру мақсатында профилактикалық экскурсияны ұйымдастырды. Аталған экскурсия Сарыағаш АПБ ғимаратында өтті. Тәжірибелі тәртіп сақшылары балаларды бөлімнің тыныс тіршілігімен жіті таныстырып, өз оқиғаларымен, қылмыскерлерді құрықтау кезінде болатын түрлі жайттармен бөлісті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады