Алматының мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

vgr.by
Бекбердиев Ақжігіт келді.

Алматыда Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 қазандағы №1028-Л/C бұйрығымен Бекбердиев Ақжігіт Ілесұлы ҚР Қаржы министрлігінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды, - делінген хабарламада.

Бекбердиев Ақжігіт Ілесұлы 1965 жылы туған.

Білімі жоғары. Еңбек жолын салық органдарында 1989 жылы бастаған.

Әр жылдары Алматы қаласының салық органдарында және Алматы облысының салық департаментінде басшылық етті.

2014 жылдан бастап - Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бастығы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды