Нұр-Сұлтанда мұздай қаруланған жігітті маңғыстаулық желіде мазақ етті

Лада
Видео әлеуметтік желілерге жүктелген.

Форт-Шевченко қаласында атышулы елордалық жігіттің видеосына ұқсатып пародия түсірілді. Видео әлеуметтік желілерге жүктелген, деп хабарлайды Zakon.kz "Ладаға" сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда мұздай қаруланған жігіттің видеосына ұқсатып, Маңғыстау тұрғыны (@ sansyzbaev.nur) зауытта пародия түсіріп, оны желіге таратып жіберді.

Видеода жас жігіт:

"Форт Шевченко - біздікі, құбыр да біздікі. Мұның бәрі: автокөлік, УАЗ - бәрі өзіміздікі", - деп қолындағы көбік атқышын жоғарыға көтеріп пышылдатады.

14 қарашада әлеуметтік желіде көлік ішінде бірнеше қаруды қолына ұстап көрсетіп, "Астана біздікі", тағы бірінің "Қазір бәрін қырып саламыз" деген видеосы тараған еді.

Видео зерттеліп, полиция жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде бұрын сотты болған 24 жастағы ер адамды ұстады.

Нұр-Сұлтанда мұздай қаруланған жігіттің ұсталған видеосын мына сілтемеден көре аласыздар.

Оқи отырыңыз: "Астана біздікі!..". Желіде мұздай қаруланған жігіттің видеосы тарауда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы