Жаңа жылдан бастап педагогтердің жалақысы 25%-ға көбейеді

aif.ru
Заң жобасында мұғалімдердің өз құзыретін арттыруға бағытталған материалдық ынталандыру нормалары да қарастырылған.

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасы бойынша кеңейтілген отырыс болып өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Жиынға білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов қатысты.

- Мемлекет басшысының тамыз конференциясында берген тапсырмасы аясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есеге артады. Бұл – келесі жылдан бастап педагогтердің жалақысы 25%-ға көбейеді деген сөз, - деді өз сөзінде А. Аймағамбетов.

Еліміздің бас мұғалімінің айтуынша, Заң жобасында мұғалімдердің өз құзыретін арттыруға бағытталған материалдық ынталандыру нормалары да қарастырылған.

Мектептерде педагог қызметкерлердің сапалы әлеуетін арттыруды ынталандыру мақсатында магистр дәрежесі бар тұлғалар үшін 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы көзделеді. Жалпы Заң жобасы шеңберінде мәртебені арттыру жөніндегі жаңашылдықтар барлық мұғалімдерге әсер ететінін атап өткен жөн.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі