Үш жыл қамауда отырған қазақ ғалымына тағылған айып заңсыз деп танылды

Pixabay
Енді химик-профессор заңсыз үкімнің кесірінен отырып шыққан үш жылына өтемақы талап етемін деп отыр.

Жоғары сот "Қазатомөнеркәсіптің" ақшасын жымқырды" деп айыпталып, 80 миллион теңге төлеу талап етіліп, үш жарым жылға бас бостандығынан айырылған белгілі қазақстандық ғалым Ғалымжан Мамытбековті ақтап шықты, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап

Сот өткен жылы бұл істі қайта қарап, Мамытбековті бәрібір ақтап шыққан.

Негізі, прокурорлар бұл шешімге төрт рет наразылығын білдірді. Ал бүгін Жоғары сотта қаралған бесінші шағым соңғысы болды. Бұл жолы тағы да прокурорлар жеңіліс тапты. Сот алқасы Мамытбековке тағылған айып жалған, куәгерлердің жаласы да қисынсыз деп санайды. Енді химик-профессор заңсыз үкімнің кесірінен отырып шыққан үш жылына өтемақы талап етемін деп отыр.

Ғалымжан Мамытбеков, ғалым:

- Прокурордың шағымы келгенде, "неге кетіп қалмадым" деген менде өкініш болды. Шетелге жақсы өмір сүру үшін емес, зерттеуші-ғалым ретінде өзімді дамытуға барғым келген. Енді мен елімізде толыққанды ғылыми жұмыстарға араласатыныма сенімді емеспін.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады