Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері саласындағы мемлекеттік қызметтер электронды форматқа көшіріліп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мемлекеттік қызметтің 3 түрін көрсетеді. Олар:
- бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалау және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу;
- объектілердің құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу;
- жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу. Қазіргі таңда бұл қызметтер қағаз жүзінде іске асырылып, мынадай тетіктерді қарастырады: қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және процестердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында комитет көрсететін мемлекеттік қызметтің екі түрі ағымдағы жылдың соңына дейін электрондық форматқа көшіріліп, Электрондық үкімет порталы арқылы көрсетіле бастамақ.
Бұлар – бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу және жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу мемлекеттік қызметтері.
Осылайша қызметкерлер мен қызмет алушылар арасындағы байланыста адами фактор жойылады. Құжаттарды қарастыру мерзімі 15 жұмыс күнінен 20-40 минутқа дейін қысқартылады.
Қазіргі уақытта нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізіліп, ақпараттық жүйелердің техникалық даярлығы пысықталуда.
Сонымен бірге сараптамалық қызметтің өзін-өзі реттеу жүйесін енгізу (енгізу мерзімі 2020 жыл) бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол бойынша жеке сараптамалық ұйымдарды аккредиттеу мен жобалардың жеке сараптамасы бойынша сарапшыларды аттестаттау нарықтық ортаға беріледі. Аталған шара сараптама нарығы субъектілеріне кәсіби бақылау жүргізіп, сақтандыруды енгізу жолымен олардың жауапкершіліктерін күшейтеді.