Опа-далаптың арасында бактериялар жүр

видеодан кадр
Өлімге апаратын қауіпті бактериялар!

Түрлі герпес, стафилококк және ішек аурулары. Дәл осындай микробтар әйелдердің косметика ұстайтын сөмкелерінен шығып жатыр. Британияның ғалымдары түрлі опа-далаптарды жағатын заттарды зерттеп, осындай мәлімдеме жасап отыр.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Миллиардтаған бактерия мен микроб! Бұрымдылардың сөмкесінде осындай көзге көрінбейтін бактериялар өріп жүр! Салдарынан, қыз-келіншектер бетке шығатын түрлі тері ауруларына шалдығып, тіпті герпестің ең қауіпті түрін жұқтыруда дейді косметологтар!

Динара Маликова, дерматолог-косметолог:

"Сіз келіп тұрсыз макияж жағуға, сіздің алдыңызда ол макияжды безеу ауруымен шалдыққан адамға жасады дейік. Бетінде іріңдер бар не болмаса басқа да микоздар, яғни, грипковые заболевание, сондай ауруға шалдыққан адам болса, ол келесі адамға сол кисточка арқылы ана адамға пациентке жұғады".


Ғалымдар косметиканың ең қауіпті бес түрін анықтаған! Олар ерін далабы, ерін жылтыратқыш, көз контурын реттейітіндер, кірпік бояғыш және губкалар. Бактериялардың ең көп шоғырланғаны жері де осы заттарға тиесілі. Мәселен, аса көзге түспейтін спонждың өзінде миллионнан астам бактерия тіркелген. Ең сорақысы, дәл осы сауалнамаға қатысқан 93% арулардың губкаларын жумайтындарын айтыпты:

Динара Маликова, дерматолог-косметолог:

"Грим жағып жатамыз, тойымыз бар, басқа да іс-шараларымыз бар. Сол себептен ол жерде барлық спонжиктар немесе кисточкаларды залалсыздандырмайды. Яғни, бір клиенттен екінші клиентке сол инструмент арқылы қаншамалықты бактериялар не болмаса аурулар жұқтыруы көп кездесіп жатады".


Осы ретте арулардың өздері макияж жасауға арналағн құралдарын тазалайды ма деген сұрақты қойып көрдік. Нәтижесі әркімді де шошытады.

"3 ай, 4 ай. Бірақ кисточкаларды ұзақ қолдана беруге болады".
"Ай сайын ауыстырып отырамын. Кейде болады тональный крем біткен кезде ауыстырамын. Жоқ, қарамаймын".
"Тоже ауыстырамын. Бірақ, енді жақын арада емес. Примерно бір 3 айда, 2 айда".


Осылайша стафилокок, ішек таяқшаларын, герпес жұқтырып алғыңыз келмесе қазірден бастап тазалық шарттарын сақтаңыз, дейді мамандар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды