Президентке Австралия, Кипр, Конго және Мьянма елшілері сенім грамоталарын табыстады

Ақорда
Тоқаев елшілердің игілікті миссиясына табыс тілеп, олардың Мемлекет басшылары мен Үкіметтеріне өзінің сәлемін жолдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Ақорда" резиденциясында өткен салтанатты рәсімде Мемлекет басшысына Австралия елшісі Грейм Михан, Кипр елшісі Андреас Зинонос, Конго елшісі Давид Мадука, Мьянма елшісі Ко Ко Шейн сенім грамоталарын тапсырды.

Қазақстан Президенті шетелдік дипломаттарды қызметтеріне ресми кірісуімен құттықтап, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілердің игілікті миссиясына табыс тілеп, олардың Мемлекет басшылары мен Үкіметтеріне өзінің сәлемін жолдады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді