Қарағанды облысында бала өлтіру қылмысын сотқа дейінгі тергеу аяқталды

Бүгінгі таңда пробация және Бұрма ауылының учаскелік полиция инспекторының әрекеттеріне құқықтық бағаны қозғалған қылмыстық істің аясында арнайы прокуратура қызметкерлері береді.

Қарағанды облысы Полиция департаментімен 17.11.1996 жылы туған Сопыжанов Игентай Кәрімұлына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстерінің 125 бабы 2 т. 3,5 тармақшасы, 261 бабы 2 т. 3,5,7 бөлімдері, 99 бабы 2 тармағы 3,5 бөлімдері және 14 бабына сәйкес қозғалған сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу органдарымен И.К.Сопыжановтың М.Р.Гарифуллинді ұрлап әкету, кепілдікте ұстау және өлтіру әрекеттерін айғақтайтын нақты дәлелдемелер келтірілді.

Біз бұдан бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында баланы іздеуге 600 қызметкер, оның ішінде еріктілердің тартылғанын хабарлағанбыз. Бұрма ауылының облыс орталығынан 200 шақырым екенін ескерсек, баланы іздеуге жеке құрамның басым бөлігі жұмылдырылды. Оған дейін іздеу жұмыстарына жергілікті учаскелік полиция инспекторы кіріскен.

Ешкімге жасырын емес және бұны барлығыңыз жаздыңыздар баланың анасы Н.Е.Васильева И.К.Сопыжановтың бұрын өзінің апасы В.В.Смирнованы өлтіру фактісі бойынша сотты болғанын біле тұра, жазасын өтеу орынынан босап шыққаннан кейін онымен ара қатынасын үзбей, бірге тұрған.

Бүгінгі таңда пробация және Бұрма ауылының учаскелік полиция инспекторының әрекеттеріне құқықтық бағаны қозғалған қылмыстық істің аясында арнайы прокуратура қызметкерлері береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: