Алматыда банкир Жомарт Ертаевтың соты басталды

zakon.kz
Сот тыңдаулары 12 желтоқсанда басталды.

Алматыда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Жомарт Ертаевтың ісін қарау басталды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

12 желтоқсанда судья Селицкийдің төрағалығымен алдын-ала сот тыңдаулары басталды.

Экс-банкирден басқа, айыпталушылар тізімінде он-шақты адам бар.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Жомарт Ертаевты қамауда ұстау мерзімін 15-ші желтоқсанға дейін ұзартқан болатын. Оны ұстау мерзімі 2019 жылдың 15 наурызынан бастап есептеледі.

Экс-банкир Жомарт Ертаев Алматыға 2019 жылдың наурыз айының ортасында жеткізілген. Өткен жылдың көктемінде БАҚ Мәскеу орталығында "Bank RBK" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы кеңесшісі Жомарт Ертаевтың ұсталғаны туралы хабарлады. Бірнеше күннен кейін ол үй қамауына алынды.

2019 жылдың қаңтар айының басында Жомарт Ертаевтың Мәскеуде қамауға алынғаны белгілі болды. 2018 жылғы 14 қарашада Қазақстанның Бас прокуратурасы күдіктінің әрекеттерін ҚР Қылмыстық кодексінің 28 б. 3-б, 189 баптың 4-бөлігі, 2-тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті алдын ала келісім бойынша топтасып, бірнеше рет, қызметтік жағдайды пайдаланып аса ірі көлемде иемдену немесе ысырап ету) бойынша қарастыру туралы жаңа қаулы шығарды. Ертаевқа "Bank RBK" АҚ-нан несие ретінде алынған 80 миллион долларды ұрлады деп сырттай айып тағылуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты