2018 жылдың қазан айынан елімізде студенттік жатақханалар құрылысының жаңа механизмі іске қосылды. Инвесторлармен жиі қойылатын сұрақтарды ұсынамыз.
- Құрылыс қандай көздерден қаржыландырылады? Құрылысты қаржыландыру толығымен инвестордың қаражаты немесе "инвестор + оқу орны" форматында консорциум құру жолымен оқу орындары тарапынан ішінара бірлесіп қаржыландыру есебінен жүзеге асырылады.
- Мемлекеттің қолдауы неде? Жатақхананы енгізгеннен кейін мемлекет әрбір студентке жылына 122 АЕК = 323 МЫҢ ТЕҢГЕ мөлшерінде мақсатты мемлекеттік тапсырысты орналастыруға кепілдік береді. Бұл жыл сайын АЕК өсуімен төлем орта есеппен 4-5% артады.
- Мемлекет инвесторларды жер телімдерімен қамтамасыз ете ме? Жер телімін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шарты шеңберінде заттай грант түрінде өтеусіз негізде алуға болады. Сондай-ақ жер телімін тиімді шарттармен және конкурстық рәсімдерді өткізбей өңірлердің ӘКК арқылы сатып алу мүмкіндігі бар.
- Арзан қарызды тарту мүмкіндігі бар ма? Жатақханалар салуға тартылған несиелер "Даму" қоры арқылы "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында субсидияланады. Қарыз мөлшерлемесі 15% болғанда, субсидия мөлшері 9%. Қарыздың соңғы мөлшерлемесі – 6% құрайды.
- Қосымша табыс көздері бар ма? Мақсатты мемлекеттік тапсырыстың құнына студенттердің жалдау ақысы кірмейді, оның мөлшерін меншік иесі анықтайды. Сонымен қатар, жатақханада тұрмыстық қызмет көрсету үшін коммерциялық алаңдар құра алады: асханалар, шаштараздар, тренажер залдары және т. б.
- Механизмге қатысу үшін не қажет? Шарт жасасу үшін инвестор "Қаржы орталығы" АҚ жер теліміне 2 құжат: құқық белгілейтін (ЖАО қаулысы, сатып алу-сату шарты және т.б.) және жер теліміне актіні қоса өтініш береді. Өтінішті қарау мерзімі 15 күн.
Толық кеңес алу үшін call-center 8-800-080-8010 жүгінуді немесе studdom.kz сайтына кіруді ұсынамыз.