Доллар әлі де арзандай түсуі керек - сарапшы

Сарапшы ішкі және сыртқы макроэкономикалық көрсеткіштерді есепке алсақ, қазіргі 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы, кем дегенде 360-370 теңге болуы керектігін айтады.

Теңгенің қазіргі уақыттағы күш алуы Қазақстан экономикасының ішінде де, одан тыс жерлерде болып жатқан макро процестермен салыстырғанда неге шектеулі шара болып көрінеді және доллардың нақты құны сонда қанша болуы керек? Осы сауалдар төңірегінде Қолданбалы экономикалық зерттеу орталығының басқарушы директоры Олжас Төлеуов Telegram-дағы өзінің Tengenomika арнасында егжей-тегжейлі ой қозғады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сарапшы өткен жылдың соңғы аптасының соңында KASE-де USD/KZT орташа бағамы 382,99 құрап, бұл соңғы алты айдағы ең төменгі көрсеткіш екенін баса атап өтті.

- Теңгенің мұндай динамикасы Facebook-те отырған әртүрлі сарапшылардың, инстаблогерлердің, хайп қуғыштардың, ақыры жәй шолушылардың "екінші жартыжылдықта, яғни президент сайлауы өткен соң девальвация бұрқ ете түседі" деген болжамдарын толығымен жоққа шығарады, тіпті оның мүмкін еместігін көрсетеді. Бірақ, біз күткендей, мұның бәрі халықтың Ұлттық банктің саясаты мен іс-әрекеттеріне деген сенімнің төмен деңгейіне қатысты туындаған долбарлар болды, деп жазды автор.

Сарапшы теңгенің нығаюына қатысты кемшіліктердің бар екенін де айтады. Оның пікірінше, қазір Қазақстан экономикасының ішінде де, одан тыс жерлерде де болып жатқан макро процестермен салыстырғанда бұл шара айтарлықтай шектеулі.

Сарапшы қазіргі кездегі әлемдегі ең жоғары көрсеткішке ие болып табылатын Қазақстандағы (базалық сыйақы мөлшерлемесі, шегерілген инфляция) оң динамикаға ие нақты ставкаларды атап өтті. Сыртқы және ішкі мемлекеттік қарыздың төмен деңгейі. Ағымдағы шоттың сальдосы биыл теріс көрсеткішке ие болғанымен, ол 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін байқалған тапшылықтан әлдеқайда төмен. Тұрақты түрде төмен және оған үкіметтің бақылауындағы бюджет тапшылығын қосыңыз. Бұдан кейін, әрине еліміздің тәуелсіз несиелік рейтингінің инвестициялық деңгейі тартымды болуы тиіс.

Мұнай бағасының өсуі. Қытай мен АҚШ-тың сауда-саттық соғысында бітімге келуі. Батыстың Ресейге қарсы санкциялар туралы мәлімдемелерінің кілт қысқаруы және 2018 жылдың мамыр айынан бастап рубльдің АҚШ долларына қатысты нығаюы тағы бар.

- Міне, осы ішкі және сыртқы макро экономикалық көрсеткіштерді есепке алсақ, қазіргі USD/KZT бағамы 340-350 деңгейін айтпағанның өзінде, 360-370-тен кем болмауы керектігін көрсетеді. Әрине, бұл жерде тағы да Ұлттық банк KASE валюталық сауда-саттығында "ірі қатысушының құқығы бойынша" теңгенің айырбастау бағамын қалыптастыруда өте маңызды рөл атқарады. Алайда, біз ЧПОК деп атайтын, яғни жартылай өзгермелі айырбастау бағамын қалыптастырған қазақстандық реттеушінің валюта саясатының нақты себебі неде екенін әлі күнге дейін түсіне алмаймыз, - деп жазады Олжас Төлеуов.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: