Алматыда полицейлер көлігін автобус жолағына қоятындарды ойбайлатты

kolesa.kz
Төле би көшесінде сау ете қалған полицейлер он жүргізушіге айыппұл арқалатып жіберді, қалғандарын "кешіріп", қолдарына ескерту қағаз ұстатты.

Алматы полицейлеріне тыным жоқ. Бүгін олар Төле би көшесінің Масанчи мен Байтұрсынов қиылыстары арасындағы учаскесін тексеруге келіп, көлігін автобус жолағына қаңтаруды әдетке айналдырған жүргізушілердің көңіл-күйін құртып кетті, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

– Анықталғандай, ереже бұзатындардың дені – сол жердегі ауруханалардың клиенттерін таситын жүргізушілер екен. Сол себепті көпшілігіне тек ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданды, – деді Алматы ПД Жергілікті полиция қызметі патруль полициясының полк командирі Манап Саттаров.

Оның сөзінше, көліктерін автобус жолағына қаңтарып кетіп, тексеру кезінде көлік жанынан табылмаған он жүргізушіге кәдімгі ақшалай айыппұл салынды. Олардың көліктері айып тұрағына аттанды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр