Алматы хайуанаттар бағында жақында дүниеге келген теңбілшерге есім берілді, деп хабарлайды zakon.kz Facebook-тегі хайуанаттар бағының парақшасына сілтеме жасап.
"Кішкентай ягуарымызға жаңа есім таңдадық! Құттықтау жолдап, өз пікірін білдірген Құрал Лесбековтың @rominalamour ұсынысы бойынша біз кішкентай ягауарды Австралия деп атайтын болдық. Алыстағы құрылықта соңғы күндері орын алған қиын жағдайға байланысты, біз бұл ұсынысты көпшіліктің ойын ескере отырып, қабыл алдық. Австралия есімді кішкентай жануар - қорашаған табиғатымызды қорғау баршамыз үшін қаншалықты маңызды екенін еске салып тұратын болады" делінген жазбада.
Айта кетсек, Австралияда орман жаппай өртеніп, 1 миллиардтан астам жануар қырылып қалды.