Көптің сүйіктісіне айналған блогер-сылқым бұрын еркек болғанын мойындады

gotechdaily.com
Қазір оның желідегі арнасына 12,7 миллион адам тіркелген.

NikkieTutorials деген лақап атпен желіде танымал голландиялық сұлулық блогері Никки де Ягер көп алдында өзі туралы шындықты жария етті, деп хабарлайды РИА Новости.

"Осы жылды шындықпен бастағым келеді, мені өзім еткен өмірімнің жасырын тұсы туралы айтсам ба деймін. Бүкіл әлем алдында бұл туралы айтып отырғаныма сене алар емеспін, бірақ қарғыс атсын, жұмбақтауды қоямын", - деді ол желідегі видеосында.

Сөйткен блогер "бөтен денемен" туылғанын айтқан. Балалық шағында Никки өзінің ұл емес екенін сезініп, қуыршақтармен ойнап, қыздарша киініп жүргенді жақсы көрген. 14 жасында ол гормондар қабылдап, 19 жасында өзге жынысқа өту процесі толығымен аяқталған.

Никки блогер ретінде видео түсіруді 2008 жылы бастады, бірақ ол желіде 2015 жылы "Макияждың құдіреті" видеосынан кейін танымал болды. Қазір оның желідегі арнасына 12,7 миллион адам тіркелген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты