Газбен жүретін көліктерге арнайы белгі жапсыру талап етіледі

kolesa.kz
Ол көлігін газбен от алатындай етіп, қайта жабдықтағандардың барлығы осы белгіні тағу жүру керектігін баса айтты.

ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Барат Дұзақбаев газға көшкен көліктердің арнайы белгісі әзірленіп қойғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Көліктерге тағылатын бұл белгіні Әкімшілік полиция комитеті әзірледі. Автокөлікті бензиннен газға ауыстырған кезде, техникалық құжатқа бұл туралы мәліметті міндетті түрде тіркетесіз, сондықтан, соған сәйкес бұл белгіні автоматты түрде іліп жүресіз", - деді ол.

Ол көлігін газбен от алатындай етіп, қайта жабдықтағандардың барлығы осы белгіні тағу жүру керектігін баса айтты.

"Мысалы, бұрын "шина" белгісі болған, сол сияқты бұл белгіні де көлікке жабыстыру талап етіледі. Мұндай белгісі бар көлікті, мысалы, сауда орталықтарына кіргізбейді. Сондай заң бар. Белгі қазір дайын. Бұл - "газ" деген жазуы бар қызыл үшбұрыш", - дейді бұл жайттты түсіндірген Дұзақбаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды