Дау шықты: Тәжік президенті Рахмон туыстарына бірнеше саяжай берген

official website
Зайнулло мен Насрулло Сохобиевтер тәжік санаторийлері мен саяжайларына иелік етеді.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның туыстары елдегі ең жақсы саяжайлардың бірнешеуіне иелік етеді. Ұйымдасқан қылмыс және жемқорлықты зерттеу жөніндегі журналистік орталық - OCCRP жариялаған зерттеуде осындай мәлімет жарияланды, деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Онда Сохибовтар әулеті туралы айтылған. Махмадзоир Сохибов пен Шамсулло Сохибов мемлекет басшысы Рахмонның жеті қызының екеуіне үйленген. Зайнулло мен Насрулло Сохобиевтер тәжік санаторийлері мен саяжайларына иелік етеді.

Қырықтағы Шамсулло Сохибов "Фароз" компаниясын басқарады. Компания мұнай мен басқа да шикізат өндіру саласында жұмыс істейді, кеден терминалдарына, автомектептерге иелік етеді. Компанияның банктерде үлесі бар. 2015 жылы "Фароз" Тәжікстандағы жалғыз тау шаңғысы саяжайы - "Сафед-Дара" аумағынан үлкен жеңілдікпен жер алған. Бір жылдан соң саяжайдың ашылуына президент Эмомали Рахмон қатысты.

Шамсулло Сахибовтің інісі Нарзулло Сахибов "Сомон-Сугд" компаниясын басқарады. Ал оның қайнағасы Хасан Асадуллозода елдегі ең бірі банктердің біріне, алюминий зауытына және "Сомон Эйр" әуе компаниясына иелік етеді.

"Сомон-Сугд" 2015 жылы Тәжікстанның солтүстігіндегі "Зумрад" санаторийін жекешелендіріп алды. 2015 жылы сәуірді үкімет санаторийді 1,1 млн долларға бағалады. Сол жылы қыркүйекте "Сомон-Сугд" компаниясы санаторий акцияларын 950 мың долларға сатып алып, тағы 91 мың долларға сол маңнан 600 гектар жер алған.

Зерттеуде Сохибовтер әулетінің басқа да мүліктері аталған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр