Абай тойына 3 млрд жұмсағанша тірі халыққа жұмыс беретін өндіріс салынса ғой

Семей үшін жан ашитын адам болсаңыз, жәй қарап өтпеңіз. Бөлісіңіз.

Абай тойына 3 млрд ақша әртістермен конференцияларға жұмсалғанша халыққа жұмыс, мемлекетке салық төлейтін шағын өндіріс ошақтары салынса ғой, деп армандап жүр Думан Мұхаметқали сияқты қазақтың үміті әлі өлмеген талай жастары.

Көшелер жөнге келтірілсе. Цемпоселок, Компоселок, Бобровка, Мясокомбинат, Юность, Шығыс кенті аудандарының ұсақ көшелері асфальтталып, жарық тартылса. Міне Семейдің халқы рас қуанар еді.

- Тым құрығанда тойға тарту ретінде Семейдің кіре берісіне осындай қақпа салынса. Мемлекет ақша бөлмесе де Семей топырағында туған азаматтар сый қылып тартар ма еді?! Әлемге "Абай" деп айқайлағанды сүйеміз, сол Абайдың өзін ұқпай.Ертең әлем келіп Абай жүрген қаланы көрсе ұятқа қалмаймыз ба ағайын? Семей үшін жан ашитын адам болсаңыз, жәй қарап өтпеңіз. Бөлісіңіз. Ел қолдаса, салып та қалармыз. Әлихандар "Алаш" қаласы деп атаған киелі мекенді қазақ болып қадірлемесек, өзге ешкімге керек емес - дейді пост авторы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: