Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы мен орынбасары сотталды

zakon.kz
Көкшетау қалалық сотының үкімімен А.К.Сағынбаев пен Г.А.Әбдірахманова бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталып, әрқайсысына 2 147 450 теңге сомасында айыппұл салынды.

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы мен орынбасары бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды zakon.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ-нің басшысы А.К.Сағынбаев пен оның орынбасары Г.А.Әбдірахмановаға қатысты бюджет қаражатын ысырап ету арқылы ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

2020 жылдың қаңтарында Көкшетау қалалық сотының үкімімен А.К.Сағынбаев пен Г.А.Әбдірахманова бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталып, әрқайсысына 2 147 450 теңге сомасында айыппұл салынды және және мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Филиппиндегі жер сілкінісінен кейін теңіз түбі екі метрге көтерілді

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

"Әділет" партиясы AMANAT құрамына қосылады: партия съезі бірауыздан қолдады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – 2024. Толық мәтін

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды