Қазақстанда пара алу күдігімен бірнеше полиция қызметкері ұсталды

matritca.kz
Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді кінәсінің дәрежелерін анықтай отырып сот шығарады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еліміздің бірнеше аймағында полиция қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ішкі істер министрлігінің жеке қауіпсіздігімен бірлесіп бірқатар облыстарда ішкі істер органдары қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алды.

Батыс Қазақстан облысында Полиция департаменті патрульдік полицияның бірқатар қызметкерлері, соның ішінде взводы командирі, полиция капитаны арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алды.

Олар жол ережесін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін жүйелі түрде пара алғаны үшін күдікке ілінді.

Взвод командирі ұсталып, Орал қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сол сияқты, Шымкент қаласында жол ережесін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 130 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін қалалық патрульдік полиция қызметінің полиция лейтенанты күдікке ілінді.

Алматы облысында Талдықорған қаласы Полиция басқармасының аға тергеушісі, полиция капитанының қылмыстық істі тоқтату туралы шешімді қабылдағаны үшін азаматтан 50 мың теңге пара алуына қатыстылығы тексерілуде.

Маңғыстау облысында пробациялық бақылаудағы тұлғадан жалпы қамқорлық пен қоғамдық жұмысқа тарпауға 60 мың теңге пара алғаны үшін күдікке ілінген облыстық Қылмыстық атқару жүйесі Комитетінің департаментінің Мұнайлы ауданы пробация қызметінің бөлім басшысына қатысты тергеу жүргізілуде.

Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді кінәсінің дәрежелерін анықтай отырып сот шығарады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды