Көшелердің атауы өзгерген жағдайда меншік иелеріне енді ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ

Бұл ақпарат жылжымайтын мүлік жүйесіне автоматты түрде ешқандай құжаттарсыз енгізіледі.

Елді-мекендердің, көшелердің атауы өзгерген жағдайда меншік иелеріне енді ХҚКО-ға барудың, оны қайта тіркеу үшін үш күн күтудің қажеті жоқ, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң қабылданып, бұл ақпарат жылжымайтын мүлік жүйесіне автоматты түрде ешқандай құжаттарсыз енгізіледі, деп хабарлайды ведомствадағылар.

Егер бұрын егер аты-жөні және тағы басқа жеке бас мәліметтері өзгерген болса (неке бұзылған жағдайда және т.б.), жылжымайтын мүліктің құқық иелері ХҚКО-ға жүгінуге мәжбүр болған, енді бұл рәсімнің қажеті жоқ, өйткені бұл процестің бәрі автоматтандырылды. Өзгерістер туралы барлық мәліметтер АХАЖ жүйелерінен автоматты түрде алынады.

Министрліктің мәліметі бойынша бір жыл ішінде орташа есеппен 28 мың адам осындай өтініш түсіреді. 3 жыл ішінде құқық иелену деректер базасында тіркелген өзгерістердің жалпы саны 87 мыңға жуық болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: