Ауа-райы болжамы: бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады

almaty-akshamy.kz
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің шығыс бөлігінен басқа өңірлерде қар жауып, көктайғақ болады, жел екпіні күшейеді.

Қазақстанға ығып келген атланикалық циклонның салдарынан еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады, қар жауады, деп хабарлайды zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің шығыс бөлігінен басқа өңірлерде қар жауып, көктайғақ болады, жел екпіні күшейеді.

Қарағанды, Батыс Қазақстан өңірлерде қар жауады, бірақ күн жылы болып, қардың арты ери бастайды. Солтүстікте және орталықта аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, елдің батысында және орталығында жаяу бұрқасын болады.

Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Қызылорда, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде де тұман болады. Қарағанды облысында күндіз жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Алматы облысында күн бұлтты, жел екпіні күшейіп, боран тұрады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды