Италия ғалымдары коронавирусты тұсаулай алды

Ғалымдар штаммен бәрімен бөлісетінін айтты.

Италияның Lazzaro Spallanzani жұқпалы аурулар жөніндегі ұлттық институты ғалымдары қытайлық коронавирусты тұсаулай алды, деп хабарлайды zakon.kz euronews-ке сілтеме жасап.

Италияның денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанца бұл жаңалық емдеу әдістерін әзірлеу тетіктерін зерттеуге, вакцина жасап шығуға мүмкіндік береді.

- Вирусты тұсаулау дегеніміз инфекцияның тарауын тежеудің тиімді әдістері, ал бұл өз кезегінде оны зерттеу мен түсіну үшін көбірек мүмкіндік береді. Жақын арада біз барлық ақпаратты халықаралық қауымдастықпен бөлісетін боламыз, - деді министр.

Қытай билігі коронавируспен күресуге 60 мың медицина қызметкерін жұмылдырды. Олар медициналық мақсаттағы бұйымдар – қорғаныс бетперде мен арнайы медициналық киім өндірісін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Макао университеті жылдам диагностика жасауға арналған патенттелген сандық жүйені ойлап тапты. Ол бұл дертті жарты сағат ішінде анықтап бере алады.

Инфекция эпицентрі - Ухань қаласында коронавирус жұқтырғандарға арналған алғашқы мамандандырылған аурухана салынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: